Алматы әкімдігі тау бөктерлеріне көлікпен шығуға шектеу қою үшін қажетті шараларды қолданады. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек халыққа есеп беру барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің айтуынша, "Шымбұлақта" көліктерге шектеу қойған соң жаяу жүргіншілердің саны көбейген. Сондай-ақ, ол курортқа 400 мыңнан аса туристің келетінін айтып өтті. "Біз таудың барлық бөктеріне біртіндеп көлікке шектеу қоя бастаймыз. Өкінішке қарай, адамдарға мүмкіндік берсең, олар үйдің екінші қабатына да көлікпен шығып, қоқыстарын да көлікпен шығарады. Мұндай әдеттен арылу керек, азаматтардың мәдениетін басқаша қалыптастыру керек", - деді әкім.
Сонымен қатар, Бауыржан Байбек қаладағы ластанған ауаны жою үшін қажетті шараларды қолданудың жоспарда бар екенін айтып өтті. Әкім, сондай-ақ, қалада үш қабаттан биік ғимараттардың құрылысына тыйым салу туралы айтты. "Әрі қарай осындай биік ғимараттарды сала беретін болсақ, он жылдан кейін барлық жылжымайтын мүліктің бағасы төмендеуі мүмкін. Адамдар мұндай қалада тұрғысы келмейтін болады. Осы мәселе жүйелі түрде бақылауға алынады", - деді қала басшысы.