Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматыда төртем дүниеге келді

12 Тамыз 2015, 15:42
3
Төртемнің анасы Баян Абдуллина. © Роза Есенқұлова
Төртемнің анасы Баян Абдуллина. © Роза Есенқұлова
Толғанай Сләмханның отбасы. © Роза Есенқұлова
Толғанай Сләмханның отбасы. © Роза Есенқұлова

Алматыда үш баланың анасы төртем туды. Үш қыз бен бір ұл 6 тамызда дүниеге келді, қазір олар бейімдеу кезеңінен өтіп жатыр. 10 күннен кейін ана балаларымен бірге үйге шығарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төртемнің анасы 35 жастағы Баян Абдуллинаның жүктілігі ауыр өтіпті. Оның айтуынша, ол балаларды түсіріп алу қаупімен дәрігерлерге бірнеше рет барған. 2015 жылы ақпанда оған үшем туылатыны туралы хабарланған. "Әрине, мұндайды естіп жолдасым екеуміз есеңгіреп қалдық, - дейді ол. - Бірақ бірнеше аптадан кейін Қалқамандағы ауруханаға түсік тастау қаупімен түсіп қалдым. Сол кезде дәрігерлер үшем емес, төртем екенін анықтады. Біз таңғалдық, бірақ бұл жаңалықты байсалды түрде қабылдадық. (...) Жүктілік бойы бақылауда болдым. Мұндай жағдайда табиғи жолмен босану мүмкін емес, сондықтан тілік жасау арқылы балалар дүниеге келді. Жолдасым қасымда болды. Дүниеге үш қыз бен бір ұл келді. Есімдерін әлі таңдаған жоқпыз", - дейді ол.

Төртемнің анасы Баян Абдуллина. © Роза Есенқұлова

Төртемнен бөлек Баян Абдуллинаның үш ұлы бар, олардың екеуі оқушы. Отбасы Алматыдағы жеке үйде тұрып жатыр. Әйелдің айтуынша, енді үйдің ауданын үлкейту керек болады. Көпбалалы ананың екі жоғары білімі бар, енді ол үй шаруасымен айналысады. Ал отағасы кәсіпкер - Баян Абдуллина жолдасының жеті баланы асырай алатынына сенімді. 

Үш қыз бен бір ұл дүниеге келді. © Роза Есенқұлова

Таяуда "Алтын алқа" алатын көпбалалы ананы құттықтауға Алматы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова барды. Ол сыйлықтарын табыстап, үйде төртемнің анасына медициналық қызметкерлердің көмектесетінін айтты. Алайда пәтер береміз деп уәде еткен жоқ, бірақ баспана кезегін жылдамдатуға тырысады.

Алматы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова Баян Абдуллинаны құттықтап жатыр. © Роза Есенқұлова

Дәл осы перинаталдық орталықта шілде айының соңында үшем туылды. Қыздардың анасы Толғанай Сләмбек үйге шығуға дайындалып жатыр. Оларды қарсы алуға жолдасы мен енесі келді. Балаларға есім беріліп те қойыпты: Інжу, Ақнұр және Іңкәр. Үш қыздың ата-анасы Жаркенттің тумалары, олар Алматыда жалдамалы пәтерде тұрады. Үшемнен бөлек бұл жұптың екі жасар Айша есімді қыздары бар. "Менің үшем босанатыным туралы жүктіліктің 12-аптасында белгілі болды. Жүктілік ойдағыдай өтті, - дейді 23 жастағы Толғанай Сләмхан. - Емханада бақылауда болдым, асқыну болған жоқ. Шілденің аяғында операция арқылы үш қызым дүниеге келді, Аллаға мұндай сый үшін алғысымды айтамын", - деп толғанысын бөлісті үшемнің анасы.

Толғанай Сләмханның отбасы. © Роза Есенқұлова

Дәрігерлердің мәлімдеуінше, балалардың барлығы ЭКО жолмен емес, табиғи жолмен ұрықтанған. Сонымен қатар, перинаталдық орталықтың директоры Эльмира Жақашеваның айтуынша, екі операция да сәтті өтті - оған әйелдердің жолдастары мен екі дәрігер және анестезиолог қатысты.

"Әрине біз төртем үшін қатты алаңдадық. Балалардың барлығы шала, жетінші айда туылды. Мұндай жағдайда балаларды күту қарастырылған. Бірақ екінші тәулікте балалар аналары оларға қарап, емізулері үшін берілді. Бүгінгі таңда Толғанайдың қыздары салмақ қосты, жағдайлары жақсы және біз оларды үйге шығарып жатырмыз. Ал төртемдер әлі осында болады, олар 6 тамызда туылды, олардың біздің перинаталдық орталықта шамамен 10 күн болуларына тура келеді. Жағдайлары қанағаттанарлық. Айта кету маңызды, бұл балалар ЭКО жолмен емес, табиғи жолмен ұрықтанған", - деді ол.

Жақашеваның айтуынша, 2014 жылы Алматыда жеті үшем туылған, олардың төртеуі осы перинаталдық орталықта дүние есігін ашыпты. Биыл төрт үшем мен бір төртем туылды.

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай