06 қыркүйек 2016 17:06

Алматыда түнгі уақытта тыныштықты бұзған 127 көліктің иелеріне айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© mashintop.ru © mashintop.ru

Алматыда түнгі уақытта тыныштықты бұзған 127 көліктің иелеріне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда түнгі уақытта тыныштықты бұзған 127 көліктің иелеріне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз 127 адамды жауапкершілікке тарттық. Осы бағыттағы рейд жұмыстарын жалғастыратын боламыз. Осы жұмада біз "Астана" алаңында рейд шараларын ұйымдастырдық. Сегіз адамды жауапкершілікке тарттық, олардың ішінде көлегейлегіші (тонировка) бар көліктер де болды. Біз барлық жерді білеміз, жұмыс істейміз, алдын аламыз. Полиция қызметкерлерін көре сала олар заңбұзушылықты тоқтатады", - деді Алматы қаласының әкімшілік полиция басқармасының басшысы Нұрлан Алмасбеков. "Біз негізінен өзгертіп жабдықталған көліктерге айыппұл саламыз. Айыппұл мөлшері 15 (шамамен 30 мың теңге) АЕК-ті құрайды", - деп түсіндірді ІІД-нің өкілі.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы ("Тыныштықты бұзу") бойынша түнгі уақытта (23.00-ден 06.00-ге дейін) тыныштықты бұзғандарға 10 605 теңге айыппұл салынады. Сонымен қатар, дауыс деңгейі рұқсат етілген нормадан асатын көлік құралдарын пайдалануға жаза қарастырылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети