Алматыда ұры хабарлама алғаннан кейін иесіне iPhone смартфонын қайтарып берген

20 Желтоқсан 2016, 18:31
0
Алматыда ұры хабарлама алғаннан кейін иесіне iPhone смартфонын қайтарып берген -

Алматыда ұры хабарлама алғаннан кейін иесіне iPhone смартфонын қайтарып берген, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл оқиға белгілі кәсіпкер, қаладағы бірнеше ресторанның иесі Қуаныш Шонбайдың басынан өткен. Өз басынан өткен қызықты оқиғамен ол Tenginews.kz тілшісімен бөлісті. 

"Мен достарыммен компьютер клубында Playstation ойынын ойнап отырғанмын. Телефон менің оң жағымда диванда тұрған. Осы кезде ұры артымда тұрып, телефонды алып кеткен. Телефонымның ұрланғанын білгенде бейнебақылау камераларын қарадым. Содан кейін, iPhone смартфонындағы іздеу жүйесіне былай деп жаздым: "Құрметті ұры, менде сенің видеоң бар, өтініш телефонды қайтар. Оны мен жұмыс істейтін кез келген мейрамханалардың біріне тастап кет". Осыдан кейін мен полицияға барып телефонымның ұрланғаны туралы арыз бердім", - деді Шонбай. 

Келесі күні ұрының туыстары рестораторға шығып, осы оқиға үшін кешірім сұраған. Олар телефонды иесіне қайтарған. "Мен ендігі кезекте полициядан өз арызымды қайтарып алғым келеді, мен оны кешірдім", - деді ол.

Айта кетейік, Apple гаджеттерінде смартфонды іздеу жүйесі бар. Ұрланған iPhone-ды карта арқылы тауып алуға болады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай