08 ақпан 2019 17:19

Алматыда ұсталған судья алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© фото Tengrinews.kz © фото Tengrinews.kz

Алматыда ұсталған судья алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі МҚІСЖҚА-ның қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалинге сілтеме жасап.


Алматыда ұсталған судья алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, - деп хабаралайды Tengrinews.kz тілшісі МҚІСЖҚА-ның қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалинге сілтеме жасап.

Астанада өткен брифингте Бердалин Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып, Алматы қаласы Әуезов аудандық сот төрағасының алаяқтық жасағаны туралы дәлелі анықталғанын айтты.

"Ол өз мемлекеттік қызмет өкілеттігін пайдаланып, оның қарауында емес азаматтық іс бойынша тәркіленген жылжымайтын мүліктің ауыртпалығын жеке тұлғадан алып тастау шешімі үшін 10 мың АҚШ долларын алды деген күдікке ілінеді", - деді Арман Бердалин. Оған қоса ол тергеу ісі әлі жүріп жатқанын айтты.   

Айта кетейік, Алматы қалалық Әуезов ауданы № 2 сотының судьясы Андрей Штейнке 10 мың доллар алып жатқан жерінен ұсталғаны мәлім болған. Жоғарғы соттың төрағасы Жақып Асанов, Бас прокуратура мен ҰҚК және МҚІСҚА мен қосыла отырып сот төрағаларының өз өкілеттіктерін асыра пайдалануларын бірлесіп анықтайтынын айтқан.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети