28 сәуір 2014 15:24

Алматыда үй бағасы рекордтық деңгейге жетіп тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

фото "Крыша" фото "Крыша"

Алматыда Тұрғын үйлердің бағасы рекордтық деңгейге дейін қымбаттап тұр деп хабарлайды Tengrinews.kz  "Крыша" порталына сілтеме жасай отырып.


Алматыда Тұрғын үйлердің бағасы рекордтық деңгейге дейін қымбаттап тұр деп хабарлайды Tengrinews.kz  "Крыша" порталына сілтеме жасай отырып.

2014 жылдың сәуір айындағы мәліметтерге сүйенсек, қазірде қаладағы ең қымбат үй 20 миллион долларды құрап отыр. 10 бөлмелі, төрт қабаттан тұратын, құны 20 млн доллар тұратын Тұрғын  үй Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан. Үйдің жалпы аумағы 2600 шаршы метр, жер телімі 80 сотық. Үй классикалық үлгіде салынған. Бірінші қабатында бассейн, сауна, хамам, ас үй, спорт залы бар. Ал екінші қабатында үй жатын бөлме, кабинет, үшінші қабатта екі жатын бөлме, балалардың ойын бөлмесі, жаттығу залы, қызметшілердің ас үйі, қойма, кір жуу бөлмесі және сегіз ванна бар.

Қаладағы қымбат үйлердің тізіміне іліккен ендігі бір үлкен үй Медеу ауданында орналасқан. Үш қабаттан тұратын бұл үйде 11 бөлме бар. Үйдің жалпы құны 13,8 млн доллар. Аумағы 1000 шаршы метр, жер телімі 50 сотық.

Бұдан кейінгі қымбат үйлердің легін 15 бөлмеден тұратын, бағасы 13 млн долларды құрайтын, аумағы 4000 шаршы метр, жер телімі 170 сотық болатын үш бірдей үлкен оңаша үй  алып отыр.
Сондай-ақ үш қабатты, 20 бөлмелі, құны 9,8 млн доллар тұратын Медеу ауданында орналасқан биік үй де қаладағы қымбат үйлердің тізіміне енді. Бұл үйдің аумағы 1250 шаршы метр. Үйдің құрылысы XIX ғасырдың сәнімен салынған.

Ал Елордасы Астанада ең қымбат үйдің бағасы 9 млн долларды құрайды. Үш қабаттан тұратын, 12 бөлмесі бар қаладағы бұл қымбат үй Есіл ауданында, депутаттар қалашығында орналасқан. Үйдің  аумағы 1500 шаршы метр. Биіктігі 4 метр.

Айта кету керек, бұл үй "Ақылды үй" жобасы бойынша салынған, толығымен жиһазбен жабдықталған.

Жалпы бұған дейін Қазақстанда ең қымбат үйлер шамамен 10 миллион евроны (13,7 миллиона долларов) құрайтын.
Құны 10 млн еуро яғни 13,7 млн долларды құрайтын үш қабатты, 11 бөлмелі, аумағы 1000 шаршы метрді құрайтын Тұрғын үй  Алматыда, Медеу ауданында орналасқан  болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети