02 маусым 2017 12:40

Алматыда велосипед қою құрылғысы бар автобустар пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда велосипед қоюға болатын құрылғысы бар қоғамдық көліктер жүре бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Қоғамдық көліктің алдыңғы бөлігінде орналасқан бұл жаңа қондырғылар Қазақстанда велоспорттың жаппай дамуына әсерін тигізеді делінеді.

Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, қалада 23 шақырым велосипедке арналған жолдар салынған. Алайда көбі бір-бірімен байланыспаған, сол себепті де қиындықтар бар. 

"Осы мәселені шешу мақсатында осы жобаны енгізіп отырмыз. Қазіргі уақытта № 29 және № 45 бағытында жүретін автобустарға велосипед қоюға болатын құрылғы орнатылды. Автобус салонына велосипед алып кіру қиын болғандықтан, осы тәсіл өте тиімді", - деді Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети