03 мамыр 2014 12:15

Алматыда велоспортқа қызығушылар саны 90 мыңға жетті - Есімов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ахметжан Есімов. ©Ярослав Радловский Ахметжан Есімов. ©Ярослав Радловский

Алматыда велоспортқа қызығушылар саны 90 мыңға жетті, Tengrinews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 


Алматыда велоспортқа қызығушылар саны 90 мыңға жетті, Tengrinews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

"Бүгінде Алматыда велоспортқа қызығушылар саны 90 мыңға жетті. Соңғы 5 жылда велосипед сататын дүкендер саны 20-30-ға жеткен. Велосипед саудасы 2,5 есеге артып, жалға беру нүктелері 3-тен 21-ге дейін көбейді", деді Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов 1 мамыр мерекесіне орай ұйымдастырылған веломаршта. 

Алматыдағы веломерзімнің ашылуында велосипед жарысына 1500 адам қатысқан. Веломарш соңында әкім қала тұрғындары мен қонақтарын Халықтар достастығы мерекесімен құттықтап, достық пен ынтымақтың арқасында еліміздің қарқынды дамып келе жатқандығын тілке тиек етті. Естеріңізге сала кетейік, Алматыда велосипед жарысы қатарынан алты жыл ұйымдастырылып келеді. Бұл шара тұрғындардың велосипедке деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети