14 сәуір 2015 14:37

Алматыда велотакси қызметі пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Владимир Прокопенко ©Владимир Прокопенко

Алматыда велотакси қызмет ете бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Veloriksha жобасының ұйымдастырушылары әзірше 10 велотаксиді қаланың орталық бөлігінде қызметке шығарып отыр. Жыл соңына дейін олардың санын 50-ге жеткізіп, қалаға түгелдей қызмет көрсетуді жоспарлап отыр. Авторлардың айтуынша, қызмет құны да қалтаны қақпайды және әдеттегі такси қызметінен қымбат болмайды.

"Өткен жылы біз қаладағы велосипед жарыстарына қатысушылардың көптігін байқадық, қарапайым велосипедшілердің де көптігін білеміз. Алматыға келіп жатқан туристердің көбеюімен және экологияны жақсарту бойынша қалалық органдардың күшімен бірге біз "Велорикши" жобасын бастауды жөн көрдік. Қалалықтар күнделікті өмірде велотаксиді бағалайды. Велорикшилер қашық жерлерге бара алмаса да, 3-5 квартал қашықтықты ыңғайлы дивандарда отырып 200 теңге бара алады", - деді жоба жетекшісі Сәбит Сәдиев.

Оның айтуынша, жоба коммерциялық емес, әлеуметтік мәнге көбірек ие. Мәселен, велорикшилердің кейбір бөлігі Алматының әсем жерлеріне ғана баратын болады, ал жүргізушілер гид болып, туристерге қала тарихындағы қызықты деректерді айтып береді. "Біздің жоба көбінде қаламызды ыңғайлы әрі қызықты етуге негізделген", - дейді Сәдиев.

Ол велосипедтердің Кореядан тапсырыспен әкелінгенін айтты. Олардың сегіз түрлі жылдамдықпен жүретін мүмкіндігі бар, электр жетегі қосылған, фарасы, стоп-белгілері, бұрылыс жарықшасы, дабылы және дискілі тежегіші бар. Жолаушылар екі орныдық диванда отырады, кейде оны артқа қарай жатқызып, жүк тасымалдауға болады. Орындықтың астында қорғаныс тенті бар, ал жаңбырлы күндерде су өткізбейтін киім беріледі. Таяу уақытта велотаксидің аудиожүйесі дайын болады, одан көңілге жағымды музыка ойнап, сонымен қатар  Wi-Fi-роутер қосылады. Оның жылдамдығы сағатына 20 шақырымға жетеді. Айта кетейік, жоба жетекшілері велотакси жүргізушілерінің жол қозғалыс ережесін сақтап жүргізуіне аса назар аударып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети