Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Алматыда заңгер Михаил Кленчинмен қоштасу рәсімі өтті

14 Желтоқсан 2015, 13:47
0
© Dixinews.kz
© Dixinews.kz

Алматыда белгілі заңгер Михаил Кленчинмен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Заңгер 11 желтоқсанда өз үйінде қайтыс болған еді.

Қоштасу рәсімі ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының клинакалық ауруханасында сағат 11.00-де басталды. Заңгерді ақтық сапарға шығарып салуға туыстары, достары мен таныстары келді. Келушілердің қазаға қатты қайғырғаны соншалық, кейбіріне медициналық көмекке жүгінуге тура келді. Рәсімнің аяқталуына аз қалған кезде әкесінің жағдайы нашарлап, есінен танып қалды.

Осы отбасының жақын досы Андрей Лидің айтуынша, Кленчин "Батыс зиратына" жерленеді. "Бүгін біз Михаилмен қоштасып отырмыз, бұл шынымен де қаралы күн. Дегенмен оның ата-анасы мұның үлкен акция болып өткенін қаламады. Олар ұлдарын тыныш әрі лайықты түрде шығарып салғысы келді. Біз БАҚ өкілдерінен мұны қазбаламауды сұраймыз. Ата-анасы да тергеу жүргізілгенін қаламайды", - деді Ли.

Қоштасу рәсімі аяқтала салысымен Алматы Ішкі істер департаментінде осы оқиғаға байланысты баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз қызметінің өкілі Кленчиннің өзінің атына жазылған "Сайга" қаруынан атылған оқтан қаза тапқанын мәлімдеді. "Түркісіб аудандық ІІБ полиция бөлімшесі сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оқиға 11 желтоқсан күні кешкі сағат 10.00 шамасында болды. Қазір сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Бұл "өзін-өзі өлтіру" бойынша тіркелді", - деді ведомство өкілі Салтанат Әзірбек.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай