21 қаңтар 2018 17:18

Алматыда оқушы қыз балалы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© NewsNN © NewsNN

Алматыда 15 жастағы оқушы қыз балалы болды, - деп хабарлады Алматы телеарнасы.


Алматыда 15 жастағы оқушы қыз балалы болды, - деп хабарлады Алматы телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, екі айлық сәбиі бар жас ана  9-сыныптан соң  оқудан шығып, 22 жастағы жігітке екі жақтың келісімімен тұрмысқа шығыпты. Бірақ полиция 15 жастағы жеткіншекке үйленгені үшін 22 жастағы күйеу жігітті қамап тастаған. Ал қыздарын ерте жастан күйеуге беру салтымызда бар деген екі тарап ұлдарын заңмен емес, салтпен шешіп, бостандыққа  шығаруларын талап етіп отыр.

"Екі айлық сәбиін құшақтаған Анель өз үйлеріне қарсы тұратын көрші Рамазан Утепбергеновпен жарты жыл танысып, 9 сыныпта "ғашығын" үйіне кіргізіп алған. Қыз 16 жасқа толған соң қос тарап екі жасқа отасқаны туралы заңды құжат алып бермек болған", - деп хабарлады телеарна.

Ал қыздың өзі АХАЖ бөліміндегілердің оларға құжат бермегенін айтып отыр.

"Ол мені аялап бақты. Біз заңды некеге тұрмақ болғанда АХАЖ бөліміндегілер бізге құжат бермеді. Себебі, менің әкем 13 жыл бұрын жоғалып кеткендіктен, рұқсат жоқ, деді. Құжат алу үшін әкемнің ұшты-күйлі хабарсыз кеткені туралы құжат талап етілді. Сондықтан біз некеге де тұра алмадық, әрі қызымды әкесінің атына тіркей алмадым. Рамазанмен көп жыл таныспын, бір-бірімізді сүйдік. Ол мені алдамады, жағдайымызды жасап, ер азаматтық борышын орындады", - деді Анель Ким.

Сонымен қатар, жас ана өмірінің өксікке айналуына небәрі екі жыл ғана тұрған өгей әкесін кінәлап отыр. Айтуынша, жиі ішіп, жанжал шығаратын өгей әкесі өштесе келе жас жігіттен таяқ жеп, ақыры оқиғаны полицияға жеткізген. Жарақат алдым деген ол бопсалап жүріп Рамазаннан бір миллион теңге алып, кешірім беріп, қарасын батырыпты.

"Ішіп жүріп кімнен таяқ жегенін білмейді. Ұлымды бопсалап, ақыры бір миллион теңге алды. Үйді кепілге қойдық, қарызданып жүріп, сұраған ақшасын тауып бердік. Біз екі жасты ажыратып, сәбидің жетім қалғанын қаламаймыз. Рамазан тұрақты қызметінен босатылып тынды", - деді күдікті жігіттің анасы Рая Утепбергенова.  

Күйеу баласынан таяқ жеген ер адам ауруханада өткен жылдың наурыз айында жатқанымен полицияға шағымды бес ай өткен соң, қыркүйектің 27 күні жазған. Қалалық Ішкі істер департаментінің мәліметінше, Рамазан Утепбергеновке Қылмыстық кодекстің 106-бабы, яғни қасақана дене жарақатын салу мен кәмелет жасына толмаған жеткіншекпен жыныстық қатынаста болды деп, 112-баппен іс қозғаған.

"1995 жылы туған күдікті 8 қараша күні екі айға қамауға алынып, қазір изоляторда отыр. Наурызбай ауданының тұрғынының шағымы бойынша іс қозғалып, тергеу-тексеру нәтижесінде полицейлер жеткіншекпен азаматтық некеде тұратынын анықтаған. Жәбірленушінің денсаулығына ауыр дене жарақатын салғаны туралы медициналық сараптама қорытындысында жазылған. 16 жастағы бойжеткен мен анасы күдіктіден 122-бапты алып тастау туралы қарсы арыз түсіріп отыр", - деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.  

Сәбиін үш күн ғана қолына алған соң қамауға алынған Рамазан Утепбергенов қалалық ТЖД-да құтқарушы болған. Ал оның 16 жастағы жары мен туыстары жас отбасының тағдыры заңмен емес, салтпен шешілсе, дейді. Жалғыз ұлдан тірідей айырылған Рая Утепбергенованың айтуынша түркі халқында қызды ерте күйеуге беру салтта бар. Ал дәстүрмен емес, істі кодекспен қарайтын сот күдіктінің ісін дәлелдесе 9 жылға дейін темір торға тоғытуы мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети