Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханаға жаңа басшы келді

01 Ақпан 2017, 12:25
0
Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханаға жаңа басшы келді - © medelement.com
© medelement.com

Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханаға жаңа басшы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2017 жылдың 1 ақпанында №7 қалалық клиникалық ауруханаға жаңа бас дәрігер болып осыған дейін Орталық клиникалық аурухананың басшысы қызметінде болған Абдуллаев Марат Шадыбайұлы тағайындалды", -  деп хабарлады Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасындағылар.


Марат Абдуллаев © zoj.kz

Айта кетейік, Марат Абдуллаев денсаулық сақтау жүйесіндегі тәжірибесі мол маман болып саналады. Оның денсаулық сақтау саласында 36 жылға жуық тәжірибесі бар. Марат Абдуллаев қызметтік жолын абдоминальді онкохирургия бөлімінде дәрігер болып бастады. 2005-2007 жылдар аралығында Қызылорда облысының Денсаулық сақтау департаментінің басшысы қызметін атқарды. Ал 2012 жылы Орталық қалалық аурухананың бас дәрігері болып тағайындалды.

Осыған дейін Алматы қалалық №7 клиникалық аурухананың бас дәрігері Әнуар Амановтың қызметінен босатылғаны хабарланған болатын. Ал кейінірек ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыдағы медициналық мекемелердің бірінде болған атышулы видеоға қатысты пікір білдірген еді. 

Еске салайық, WhatsApp мессенджерінде және Facebook әлеуметтік желісінде медициналық жұмысшылардың медициналық мекемелердің бірінде өткізген жиыны түсірілген видео пайда болған еді. Онда медициналық мекеменің бас дәрігері әдеп нормасын бұзып, "медициналық жұмысшының атына кір келтіретін әрекет жасаған".

"Ендігіде медициналық жұмысшылар мұндай ережебұзушылық жағдайларын жасамауы үшін қалалық медициналық ұйымдарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Денсаулық сақтау басқармасында құрылған комиссия №7 қалалық аурухананың қызметіне тексеріс жүргізуді жалғастырып жатыр", - делінген еді хабарламада.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай