Алматы әкімдігінің өкілдері жол желісін қайта құрудан кейін Абай мен Достық даңғылдарының жерасты өтпелі жолы қандай болатынын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы әкімдігінің өкілдері жол желісін қайта құрудан кейін Абай мен Достық даңғылдарының жерасты өтпелі жолы қандай болатынын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сызбаларға сүйенер болсақ, жерасты өтпелі жолын жануарлармен, дәлірек айтсақ ат, қасқыр, ит, арыстан, дала қыранымен бейнеленеді.
Бүгінгі таңда қала бойынша, 56 жерасты өтпелері саналып, оның 48-інде құрылыс жұмыстары жүргізіліп отыр. Олардың модернизациялануына 2,5 миллиард теңге қаражат бөлінді.
Сызбаларға сүйенсек, Наурызбай ауданының жол асты өтпесі дәстүрлі нақышта бейнелетін болады.
Қаланың Түрксіб ауданының жерасты өтпелінде Алматы тауларының суретін көре аламыз.
Бұл өтпелерде видеобақылау камерасы мен музыка даусы естілу үшін дыбыс аппараты тұрады.
Жерасты өтпелінің табиғатпен ең жарық әсемделген бөлігі Әуезов ауданының өтпелі болады.
Болашақта бұл өтпе жолдар коммерциялық мақсатпен жалдауға берілмейді.
"Жүргізіліп жатқан құрылыстың ең басты мақсаты қауіпсіз, ыңғайлы қаламен қамтамасыз ету", - деді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері.
Құрылыс жұмыстары тамыздың аяғына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, биыл барлық жерасты өтпе жолдары аудандық әкімдікке тапсырылатын болады.