Алматыдағы адамшошырлық жол апаты: ҚР ІІМ істің қайта жанданғанын мәлімдеді

10 Қаңтар 2018, 13:19
0
Алматыдағы адамшошырлық жол апаты: ҚР ІІМ істің қайта жанданғанын мәлімдеді - © patrul.kz
© patrul.kz

ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері Алматыдағы әл-Фараби мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында болған жол апатына қатысты істің қайта жанданғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ІІМ өкілдері Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға берген жауабында қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеудің қайта басталып, процестік шешім қабылдау мақсатында қажетті тергеу шараларының жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына ("Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу") сәйкес , сотқа дейінгі тергеуге қатысты мәліметтерді жариялауға болмайды. Бірақ ол мәліметтер тергеу мүддесіне қайшы келмесе және басқа азаматтардың құқығын бұзбайтын жағдайда прокурордың келісімімен жариялануы мүмкін", - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

Ведомстводағылар жол апатына қатысты жүргізілген сараптамалардың қорытындысы мен Алматы қаласы Сот сараптамасы институты берген қорытындыны жариялады.

Сараптама қорытындысына қарағанда, Mercedes Benz жүргізушісі техникалық тұрғыда жаяу жүргіншіні қағып кетудің алдын ала алмаған.

Сондай-ақ, ҚР ІІМ өкілдері қылмыстық тергеу органдарының қылмыстық істі екі рет тоқтатқандарын айтып өтті: ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес, 2017 жылдың 29 қыркүйегінде және 2017 жылдың 15 қарашасында.

Қазіргі уақытта Алматы қалалық ІІД ІІБ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі және 347-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

"Алматының Бостандық аудандық прокуратурасының сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы шешімі алып тасталды. 2018 жылдың 3 қаңтарында прокуратура бұйрығымен жол-көлік оқиғасы бойынша кешенді сот-медициналық сараптама белгілеу туралы шешім қабылданды", - деді ҚР ІІМ өкілдері.

Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы 30 шілдеде түнгі сағат 02.20-да әл-Фараби даңғылында болды. 1998 жылғы жігіт Mercedes S-класс көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кеткен еді. Салдарынан ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза табады. Жүргізуші сол кезде оқиға орнынан жасырынған. Бірақ біраз уақыттан кейін ол ұсталған. Айта кетейік, қаза болған ер адамның артында екі баласы мен әйелі қалды. Ағасының айтуынша, жүргізушінің туыстары оның отбасынан кешірім сұрады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай