Алматыдағы ақша айырбастау пункттері долларды сатпай жатыр

25 Қаңтар 2016, 12:06
5
Алматыдағы ақша айырбастау пункттері долларды сатпай жатыр - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Алматыдағы ақша айырбастау пункттері долларды сатпай жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазіргі уақытта доллар бағамы 370 теңге көрсеткішінде тұр, ал сатып алуға 372 теңге.

2016 жылдың 25 қаңтарының таңында қаладағы бірқатар ақша айырбастау орны шетел валютасын сатпай отыр. Олар америкалық доллардың жоқтығын айтады. Айтуларынша, шетел валютасы таяу уақытта жеткізіледі. Алайда нақты қашан жеткізілетіні аталмады. Айта кетейік, осы айырбас орындарындағы электронды таблосындасатып алуға да, сатуға да валюта бағамдарының көрсеткіші бар.

Ал тағы бір пункттегілер доллардың барын айтты. "Мен сізге тек 500 долларды айырбастап бере аламыз. Бұл қазір қалалықтардың маған сатқан ақшасы. Кассада шетел валютасы жоқ", - деді қызметкер.

Ал екінші деңгейлі банктердің бірінде долларды сатып та, сатып алып та жатыр. Бұл банкпен көршілес орналасқан бірқатар айырбас орындарының жабық тұрғанын айта кетейік.


Байтұрсынов көшесінің бойындағы ақша айырбасу пункттері.


Сейфуллин даңғылының бойындағы айырбас пункттері.

Еске салайық, KASE қор биржасының таңғы сессиясында доллар бағамы 372,80 теңгеге тең болды. Айта кетейік, алдыңғы сессияда шетел валютасы 382,87 теңге болған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай