Алматыдағы әскери госпитальдің не себепті көшірілгені айтылды

10 Сәуір 2014, 16:52
0
Алматыдағы әскери госпитальдің не себепті көшірілгені айтылды - ©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Алматы әкімдігінің өкілдері әскери госпитальдің қала маңына көшірілгені жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейін аурухана Фурманов пен Сәтпаев көшелерінің қиылысында орналасқан еді.

Қала әкімінің орынбасары Болат Сауранбаевтың айтуынша, әскери аурухананы қала маңына көшіру туралы шешім бірнеше жыл бұрын қабылданды. "Бұл - 2010-2011 жылдары ойластырылған жоба. Ол жоба бойынша біз госпитальді салып қойдық, қазір пайдалануға берілді", - дейді әкімнің орынбасары. Айта кетейік, жаңа госпиталь Іле күре жолында, 70-разъезде орналасқан. Ал аурухананың бұрынғы орнында не салынатыны қала құрылысы кеңесінің отырысында талқыланатын болады. 

Алматының бас сәулетшісі Жанат Айтілеудің айтуынша, госпиталь жаңа орынға Республика алаңының жалпы көрінісін бұзып тұрғандықтан көшірілді. Ал тағы бір нұсқа бойынша 70-разъезде әскери бөлімшелер бар, медициналық мекеме әскери нысандарға жақын болу үшін көшірілген. 

Госпитальдің басқа аумақққа көшірілетіні әуеліде бірқатар ақпарат құралында жарияланған болатын. Бұл жаңалық қоғамда серпіліс туғызды. Өйткені тұрғындар аурухана қала шетіне көшірілсе, оған жетудің қиын болатынын айтты. Госпитальдің орнында тұрғын үй кешені немесе сауда орталығы салынатыны да әңгіме болды. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай