25 мамыр 2017 14:51

Алматыдағы бұрынғы трамвай депосының орнына қандай нысан салынатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігінің өкілдері бұрынғы трамвай депосының орнында қандай нысандар салытанын айтып берді, - дер хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігінің өкілдері бұрынғы трамвай депосының орнында қандай нысандар салытанын айтып берді, - дер хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұрынғы трамвай паркінің ауласында Лофт-орталық ашылып, мұнда жастарға қызмет көрсету аймағы, коворкинг орталық, 5 шеберхана, оқу және конференц залдары, English club, мемлекеттік тілді оқыту орталығы, 10 білім секциясы жұмыс істейді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Лофт-орталықта, айтуларынша, 25 ҮЕҰ 3 мыңнан аса жаспен қоян-қолтық жұмыс атқарады. Бұдан өзге, Лофт-орталық базасы негізінде Сырттан келген жастармен жұмыс істеу орталығы, Карьера орталығы, Жатақханаға жетекшілік орталықтары да болады екен. Яғни, жастар бір мекенжайдан өзіне керек ақпаратты, қолдау алып, проблемаларын шешіп, алға қойған ісін дамытады.

Мұндай шешім Жастарды 2020 жылға дейін қолдаудың Жол картасының аясында қабылданғаны белгілі болды. Ол негізгі бес бағыттан тұрады, олар-сапалы білім, жұмыспен қамту, мәдени демалыс және салауатты өмір салты, тұрғын үй және жас отбасыларды қолдау, белсенді жастар қаласы. Жол картасын жүзеге асыру үшін 7,2 миллиард теңге бөлініп отыр екен.

Айта кетейік, Алматыда бүгінде 14-тен 35 жасқа дейінгі аралықта 700 мыңнан астам жас бар, олардың 435 мыңы - экономикалық белсенді жастар. Тек соңғы 5 жыл ішінде жастардың үлесі 10 пайызға артты. Жасалған болжам бойынша, Алматыда 2020 жылы экономикалық белсенді жастар қатары 500 мыңнан астам адамға артады деп күтіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети