14 шілде 2015 19:35

Алматыдағы ХҚКО қызметкері мен клиенттің былапыт сөз айтысуына байланысты түсінік берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©YouTube кадры ©YouTube кадры

Алматыдағы ХҚКО қызметкері мен клиенттің былапыт сөз айтысуына байланысты түсінік берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталығының бір клиентке былапыт сөз айтқан қызметкері осы оқиғадан кейін жұмыстан өз еркімен кетті. 


Алматыдағы ХҚКО қызметкері мен клиенттің былапыт сөз айтысуына байланысты түсінік берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталығының бір клиентке былапыт сөз айтқан қызметкері осы оқиғадан кейін жұмыстан өз еркімен кетті. 

Алатау аудандық ХҚКО қызметкерінің былапыт сөз айтқаны жазылып қалған видео YouTube ресурсында 13 шілдеде шықты. Ролик кадрларына қарағанда, ХҚКО-да жас қызметкер мен клиеттердің арасында дау шыққан. Дауға мекеме инспекторының қызмет сапасы себеп болғанға ұқсайды. Қоршау айналасында қызметкердің жұмысына көңілі толмай, кезек күтіп тұрғанын көруге болады. Осы сәтте әйел адам қызметкерге боқтық сөз айтады, қызметкер өз кезегінде үндемей тұра алмайды.

Осы дерек бойынша, "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметінің өкілдері инспектордың тәртібін басшылықтың ХҚКО қызметкерінің тәртіп Кодексіне сай емес деп есептейтінін атады. 

"Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында осы дерекке байланысты қызметтік тексерістің жүргізілгені хабарланды. Сөйтсе, Алатау аудандық қызмет көрсету орталығына тұрғылықты жерін тіркеу туралы анықтама алуға жас жұп келіпті. "Бұл қызметті ұсынудағы бекітілген бизнес-процесске сәйкес, азамат Бірыңғай электронды кезек талонын алып, ХҚКО инспекторына жақындап, "Орталық ақпарат жүйесі" электронды базасына міндетті мәліметтерді енгізуі керек, бұдан кейін талон алып, ол Алматы ІІБ көші-қон полициясының бөлімшесінің қызметкерлеріне азаматтардың тіркеуіне өтуі тиіс", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Хабарламада бұл клиенттің қызметті алудың көрсетілген тәртібін сақтамай, барлық талонды бір уақытта және кезексіз алуды талап етіп, ХҚКО қызметкеріне күш қолданғаны хабарланып отыр, мұны ХҚКО қызметкерлері мен клиенттері растады. Сонымен бірге, жұп кеңесшіні былапыт сөз айтып, түрлі жолмен қорлаған.

"Болған оқиғадан кейін қызметкер өз еркімен жұмысынан кетті. Сонымен қатар, бөлім басшысы мен операциялық зал басшысының орынбасарына қақтығыс жағдайын дер кезінде шешуді қамтамасыз етпегені үшін тәртіптік мәндегі қатаң сөгіс жарияланғанын хабарлаймыз", - деді баспасөз өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети