26 тамыз 2018 09:40

Алматыдағы Қалқаман ауруханасының маңына тікұшақ қонды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қалқамандағы (№7 ҚКА) аурухана маңына қонған тікұшақ алматылықтарды таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қалқамандағы (№7 ҚКА) аурухана маңына қонған тікұшақ алматылықтарды таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жарияланды. "Қалқаманда (ауруханада) тікұшақтардың қонғанын ешқашан көрмеппін, дамып келе жатқан сияқтымыз", - деп жазылған видеоның астына.

Алматы денсаулық сақтау басқармасындағылар бұл роликке қатысты түсінік берді.

"Бүгін сағат 11.46-да Жамбыл облысы Қордай ауылының аудандық орталық ауруханасынан Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханасына үш адам тікұшақпен жеткізілді, олар Алматы - Тараз тас жолында жол апатынан зардап шеккен, тікұшақ аурухананың маңына қонды", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Алматының екі ауруханасында тікұшақ алаңы бар: №4 ҚКА және №7 ҚКА. Олар Алматыда Универсиада-2017 дайындықтары шеңберінде тұрғызылған. Тікұшақпен көбінесе жол апатынан бас ми жарақатын алғандар мен сүйектері сынғандар жеткізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети