24 тамыз 2016 13:41

Алматыдағы Көк базарда саудамен айналысып жүрген шетел азаматтары елдеріне қайтарылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Көк базарда саудамен айналысып жүрген шетел азаматтары елдеріне қайтарылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Медеу аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасына сілтеме жасап.


Алматыдағы Көк базарда саудамен айналысып жүрген шетел азаматтары елдеріне қайтарылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Медеу аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасына сілтеме жасап.

Медеу аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы жергілікті полиция қызметіндегілермен біріге отырып, Алматыдағы Көк базарда заңсыз саудамен айналысып жүрген шетелдік азаматтарды анықтау мақсатында арнайы шараларды қолданып жатыр. 

"Іс-шараның бірінші күнінің өзінде заңсыз кәсіппен айналысып жүрген 15 шетел азаматы анықталды. Олардың 11-і Тәжікстан азаматы болса, қалған төртеуі Өзбекстан азаматы болып шықты. Олар салық органдарында тіркелмей, кассалық аппаратсыз жеміс-жидектер мен кептірілген жемістерді сатумен айналысқан. Сонымен қатар, оларда тұрақты мекен-жайы туралы құжаттары болмаған", - деді Алматы қаласының Медеу аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасындағылар.

Айта кетейік, барлық ереже бұзушыға қатысты материалдар тауарларды тәркілеу мен шетелдік азаматтарды елдеріне қайтару туралы шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети