1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыдағы Көк базардың паркингі қалай соғылып жатыр

©Роза Есенқұлова ©Роза Есенқұлова

Алматы қаласындағы Көк базардың төменгі бөлігінде құрылыс жұмыстары қызып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан.

Көпярусты паркинг Мақатаев көшесінің бойында соғылады. Қазіргі уақытта құрылысшылар терең ор қазып, болашақ паркингтің іргетасын қалау үстінде. Көк базардың аймағының Мақатаев көшесі жағындағы беті қоршауға алынған, алайда базарға кіретін жолы ашық. Базардың төменгі бөлігінің жөндеу жұмыстары екі жылға есептелді.

Айта кетейік, жұмыстар Көк базар әкімшілігінің есебінен жүргізіліп жатыр, мемлекет бұл жобаға қатысып отырған жоқ. Базардың көшірілмейтінін айта кету керек. Қазір болашақ паркинг орналасатын жерде жұмыс істейтін саудагерлер көкөніс сататын қатарларға ауысып алды.  

Сурет: Роза Есенқұлова