23 мамыр 2018 13:42

Алматыдағы менингококк инфекциясы: Тағы төрт адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматыда тағы төрт адам менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова хабарлады.

"Бүгінде 51 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. 3-4 күнде тағы 4 адам келді. Олардың барлығы бақылауда. Менингококк инфекциясы анықталған жоқ, олар диагностика үшін алдын ала тексерілу үшін келіп жатыр", - деп түсіндірді Айзат Молдағасымова.

"Келген 47 адамның 21-інен диагноз анықталды, 15 адамның диагнозы расталмады. Тағы 11 адам бақылауда", - деді Айзат Молдағасымова.

Еске сала кетейік, 21 мамырда бұл дерт 15 адамда анықталған еді. Жалпы үш адам қайтыс болды - екі ересек адам мен бір бала.

Менингокок инфекциясынан екпені қалай алуға болады?

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети