Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Алматыдағы ірі дүкендердің сатып алушыларды таразыдан жегені анықталды

28 Қыркүйек 2016, 12:09
0
© ibirzha.kz
© ibirzha.kz

Алматыда бірнеше ірі дүкендерде жекелеген тағам өнімдерінің кем өлшенгені анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Гүлназ Халықова мәлімдеді.

Оның айтуынша, ұйымдар мен кәсіпорындарда 2016 жылы сегіз ай ішінде 104 тексеріс жүргізілген. Осыған байланысты тексерілмеген өлшеу жабдығын қолданған 72 ұйымда ереже бұзушылық анықталды. Сондай-ақ, дүкендердегі бумаға салынған тауарларының санында сәйкестік болмаған. Осы ереже бұзушылықтарға сәйкес компанияларға 10 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

"Кәсіпорындарда көтерме-бөлшек сауда бойынша жүргізілген тексерістердің барысында жекелеген тағам өнімдерінің кем өлшенгені анықталды. Тауарларды маркалау кезінде көрсетілген тауарлар олардың нақты салмағына сәйкес болмаған. "Рамстор" дүкендер желісіндегі тағам өнімдерінің 11 партиясында, SMALL дүкендер желісінің 7 партиясында, № 1 Magnum cash and carry дүкендерінде және "АЛМА" дүкендерінің 5 партиясында тағам өнімдерінің кем өлшенгені анықталды", - деді Гүлназ Халықова.

Ведомстводағылардың мәліметінше, мұндай ереже бұзушылықтар автокөліктерге жанармай құю станцияларында да анықталды. Осындай 4 станцияда да қызметкерлер тексерістен өтпеген  өлшеу жабдықтарын пайдаланып келген. Олардың екеуінде автокөлік иелеріне жанар-жағармайды жеткізбей құю дерегі анықталған. Олар - "Қалқаман" мен  "Астана Мұнай" жанармай құю станциялары.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай