10 қазан 2014 16:18

Алматыдағы ірі жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер ауруханадан шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©СТВ телеарнасының кадры ©СТВ телеарнасының кадры

Алматыда жанармай тасушы көліктің қатысуымен болған жол апатына ұшырағандар ауруханадан шықты, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Лейла Кеңесбаева мәлім етті. Еске сала кетейік, бұл жол апаты 22 қыркүйек күні болған, бензин тасымалдайтын жүк көлігі, автобус пен жеңіл автокөлік соқтығысқан болатын. 

Кеңесбаеваның айтуынша, жол-көлік оқиғасынан кейін жанармай тасымалдайтын көліктен екі адам ауруханаға жатқызылған, емделушілердің біріне операция жасалған. "Екі емделуші де ауруханадан шығарылды, өздерін жақсы сезінеді", - деді ол. Жол апатынан кейін барлығы 14 адам медициналық жәрдемнің көмегіне жүгінген. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, жеті адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген, оның екеуі ауруханаға жатқызылған. Кеңесбаеваның айтуынша, оның біріне сүйегі сынған деген диагноз қойылса, екіншісі белін ауыртып алған. Тағы екеуі ауруханаға жатудан бас тарқан, жанармай тасымалдайтын көліктің қатысуымен болған жол апатына ұшыраған үш зардап шегуші амбулаториялық емдеуге жіберілді. Осы оқиғадан кейін төрт зардап шегуші облыстық ауруханаға жеткізілген, дегенмен қазіргі таңда олардың барлығы ауруханадан шығарылған. 

Еске сала кетейік, Жұмабаев пен Палладин көшелерінің қиылысында жанармай тасымалдайтын көлік пен №56 бағыттағы автобус және Mercedes маркалы жеңіл көлік соқтығысқан болатын. Автобус жүргізушісі қаза болды, оның отбасына 250 мың теңге төленді. Ер адам 49 жаста болған, енді оның артында әйелі қалды. Бұған қатысты "Жол қозғалысы ережесін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өз кезегінде Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек жанармай тасымалдайтын көлікпен болған жол апаты әлі тергеліп жатқандығын атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети