09 қазан 2018 09:29

Алматыдағы вилла, пәтерлер мен жер телімдері: Храпуновтың мүлкі тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/leila.khrapunova © facebook.com/leila.khrapunova

Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық сотта экс-әкім Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейла Храпуноваға қатысты сот үкімі шықты. Сондай-ақ, сот қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеу туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық сотта экс-әкім Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейла Храпуноваға қатысты сот үкімі шықты. Сондай-ақ, сот қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеу туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот Алматыдағы Самал-2 ықшамауданында Храпуновтың компанияларының қарамағында болған бес жер учаскесін тәркілеуді шешті. Сондай-ақ, жекеменшік үй мен Алматы орталығындағы вилланы, шамамен 10 пәтер, Самал ықшамауданындағы көлік тұрағында үш орын мен әл-Фараби даңғылындағы бірнеше көлікжайды тәркілеу туралы шешім шықты.

Бұдан бөлек, Храпуновтың Қазақстанның басқа өңірлеріндегі мүлкі тәркіленетін болды: Өскемендегі төрт жер учаскесі мен кеңсе ғимараты, ШҚО-дағы Көкпекті ауданындағы үш жер учаскесі мен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы үш жер учаскесі.

Сондай-ақ, судья Қасым Қалмағамбетов Храпуновтың компанияларына тиесілі және олардың есепшотына түскен ақщаның барлығы тәркіленетінін хабарлады.

Кеше, 8 қазанда Виктор Храпуновтың 17 жылға, ал Лейла Храпунованың 14 жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы хабарланған болатын.

Ал кейінірек экс-әкім Виктор Храпуновтың ісіне қатысты фигуранттарға үкім шыққан еді. Соттың үкімімен Яков Заяц, Ғабиден Қайымсұлтанов, Қуандық Бисқұлтанов, Абай Сапаров, Серік Есмұқанов, Айнакүл Садықбаева, Абылайхан Қарымсақов пен Абдул-Ғазиз Мұқашев жазадан босатылған болатын.

Виктор Храпуновтың тұратын мекенжайы

Еске салайық, Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейла Храпуноваға қатысты Қазақстанда ұзын саны 24 қылмыстық іс қозғалып, қызмет бабын асыра пайдаланды, алаяқтық жолмен бюджет қаржысын жымқырды, заңсыз жекешелендіру жүргізді, заңсыз кірістерді заңдастырып алды, пара алды, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оларға жетекшілік етті деген айып тағылған болатын. 2008 жылғы сәуірде ол қазір отбасымен тұрып жатқан Швейцарияға қоныс аударған болатын. Ал 2012 жылы қазанда Виктор Храпуновтың әйелі - Лейлаға ірі көлемдіе алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети