28 сәуір 2016 | 12:56

Алматыдағы зообақта шимпанзе өліп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Айжан Түгелбаева © Айжан Түгелбаева

Алматыдағы хайуанаттар бағында шимпанзе өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы хайуанаттар бағы жанындағы қоғамдық бақылау кеңесінің мүшесі, кәсіпкер Райымбек Баталов мәлімдеді. Оқиға былтыр болған, дегенмен жануардың өлгені туралы ақпарат ұзақ уақыт бойы жасырылып келіпті.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы хайуанаттар бағында шимпанзе өлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы хайуанаттар бағы жанындағы қоғамдық бақылау кеңесінің мүшесі, кәсіпкер Райымбек Баталов мәлімдеді. Оқиға былтыр болған, дегенмен жануардың өлгені туралы ақпарат ұзақ уақыт бойы жасырылып келіпті.

"Шимпанзе былтыр өлді, дегенмен бұл ақпарат жасырылып келді. Хайуанаттар бағының басшылығы мұны әкімдіктен де, қоғамнан да жасырды. Тіпті, шимпанзенің неден өлгені туралы ақпарат жоқ", - деді ол.


Райымбек Баталов. © Tengrinews.kz

Айта кетейік, қазір хайуанаттар бағындағы өлім аузында жатқан Құралай есімді жолбарыстың жағдайы қызу талқыланып жатыр. Жануардың әлсіреп жатқаны түсірілген видео Интернетке жүктелген болатын. Баталов жолбарысқа дәрі беріп, өлтіру керек еді деп есептейді. "Әкімдік комиссия құрды, процедурасы бар, сол бойынша шешім қабылданады. Менің пікірім - жануарларды мұндай жолмен азаптауға болмайды, Мәскеуден ертеде-ақ мамандарды шақыртуға, ұйықтатып тастау туралы шешім қабылдануы керек еді (...) Бірақ ештеңе жасалып жатқан жоқ. Барлығы жасырылады, басқаша түсіндіріледі", - деді ол.

Құралай есімді жолбарыс. © 365info.kz

Баталовтың пікірінше, жануарлардың өлімінің себебі хайуанаттар бағының қызметкерлерінің біліксіздігі. Ол зообақтың жануарлар коллекциясының ескі екенін және басқа да жануарлармен байланысты проблемалардың барын айтты. Меценат зообақ қалаға қажет деп есептейді, бірақ мұндай күйінде керек емес екен.

Сонымен қатар, Баталов басқа да жануарлардың ауырып жатқанын хабарлады.


Баспасөз мәслихаты. © Tengrinews.kz

Тағы бір жолбарыспен проблема бар (...) ОЛ өз құйрығын тістей бастады, түгі түсіп жатыр және сіңірі тартыла бастады. Жағдайы қиындап барады. Сақалтай да ауырып жатыр, оның қанаты сынған. Қараудың өзі қорқынышты. Түлкі өз табанын тістелеп тастады. Ақ аюдың азу тісі мен құлақтары ауырады", - деп мәлімдеді Баталов.

Қамқоршылық кеңестің мүшесінің айтуынша, Құралай есімді жолбарысты бұдан былай қинауға болмайды. Баталов сенбі күні Алматыдағы зообаққа барғанын және жағдайды көріп, жағасын ұстағанын айтты. "Жағдай өте қиын деп есептеймін. Маған алматылық зообақтың бұрынғы қызметкері келіп, жолбарыстың басындағы жағдайды айтып берді. Халықаралық ұйымдар бұл жағдайға көңілі толмай отыр (...) Ең жаманы - әділ әрі нақты сипаттама жоқ, бұл үлкен проблема. Мен сенбі күні зообаққа барып, өз көзіммен көрдім, сөзім жоқ... жануардың қиналып жатқанын, өлім аузында жатқанын көру. Бұл жағдайды шешу жолында қажетті шаралар жүргізіліп жатқан жоқ деп есептеймін. Меніңше, бұл жануарды қорлау. Халықаралық ұйымдардың сұрақтары, хаттары бар (...) Олар қатты алаңдаулы. Жағдай дұрыс емес. Мал дәрігерлік бөлігін күшейту керек екенін көп айттық, бірақ сұрақтарымыз жауапсыз қалып жатыр", - деді Баталов.

Меценат зообақты қорға беру мәселесіне қатысты сөз сөйледі. Ол мұның заң бойынша жасалатынын айтты.


Баспасөз мәслихаты. © Tengrinews.kz

"Заң бар, егер әкімдік сенімгерлік басқаруға өткізу үшін конкурс жариялауға құжат жинауды шешсе. Қоғамдық қор ретінде біз конкурсқа қатысуға дайынбыз, егер осы конкурсты ұтсақ, зообақты басқаша жасауға дайынбыз. Ашық әрі қоғамға арналған етіп жасаймыз", - деді кәсіпкер.

Еске салайық, зообақта Құралай есімді жолбарыс қатты ауырып қалды. Диагнозы - өкпе суық тию.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети