Алматыдан 2300 вагон қар шығарылды

24 Қараша 2016, 18:07
0
Алматыдан 2300 вагон қар шығарылды -

Алматыда төрт тәулікте 123 мың кубометр қар шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мұнша қар 2275 вагонды толтыруға жететіні айтылды.

70 километр жол тазартылды. "Бұл Алматы мен Қапшағай қаласына дейінгі аралықпен тең", - деп атап өтті әкімдіктен. Тек қарашаның 23-нен 24-не қараған түні 18 мың кубометр немесе 333 вагон қар шығарылған. "Қазіргі уақытта, ұзындығы 300 километрдей болатын 50 негізгі көшені толықтай тазарту жоспарланып отыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қар әлі құрылыс түспеген бос орындар мен қазаншұңқырларға шығарылған. Күн жылына бастаған кезде ол жерлерден кездейсоқ қоқыстар да шығарылып, қалпына келтірілетіні айтылды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай