27 мамыр 2014 09:55

Алматыдан 300 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды Фото Tengrinews.kz мұрағатынан алынды

Қытай аумағында Алматыдан 300 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,2 балл болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы мекемесіне сілтеме жасап.

Жер асты дүмпуі 27 мамыр күні Алматы уақытымен таңғы сағат 07:00-де орын алған. Тербелістің энергетикалық класы - 9,9-ға тең. Оның ошағы 5 шақырым тереңдікте анықталған. Зардап шеккендер, қираған үйлер туралы ақпарат түскен жоқ. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қытай аумағында Алматыдан 320 шақырым қашықтықта магнитудасы 4,8 балл болатын жер сілкінісі тіркелген болатын. Оның энергетикалық класы - 10,5-ке тең болған. Жер асты дүмпуінің ошағы 15 шақырым тереңдікте белгіленген.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети