08 шілде 2015 09:43

Алматыдан 358 шақырым қашықтықта магнитудасы 5,4-ке тең жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Some.kz © Some.kz

Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 358 шақырым қашықтықта магнитудасы 5,4-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жер сілкінісі Қытай аумағында болды. Жерасты дүмпулері 8 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 08.43-те тіркелді. Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 5 шақырым тереңдікте болған. Зілзаланың энергетикалық класы - 11.5. Жерасты дүмпулерінің адамдар мен ғимараттарға әсері туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін 7 шілдеде Алматы маңында магнитудасы 4,9-ға тең жер сілкінісі тіркелген болатын. Жер сілкінісінің эпицентрі - Алматыдан шығысқа қарай 66 шақырым қашықтықта. Жерасты дүмпулері 7 шілде күні Астана уақыты бойынша сағат 13.13-те тіркелді. Сейсмологтардың мәліметінше, жерасты дүмпулерінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған. Зілзаланың энергетикалық класы - 10,2. Жерасты дүмпулерінің адамдар мен ғимараттарға әсері туралы мәлімет жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети