1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Алматыэлектротранс" басшысы қызметінен кетті 02 қазан 2015, 16:19

1 қазанда Алматы әкімінің қаулысы шықты, оған сәйкес "Алматыэлектротранс" ЖШС басқарма төрағасы болып Төреәлі Төлегенов тағайындалды.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Талғат Әбдірахманов. © Роза Есенқұлова Талғат Әбдірахманов. © Роза Есенқұлова

"Алматыэлектротранс" ЖШС басшысы қызметінен кетті, бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне компанияның баспасөз қызметіндегілер растады.

1 қазанда Алматы әкімінің қаулысы шықты, оған сәйкес "Алматыэлектротранс" ЖШС басқарма төрағасы болып Төреәлі Төлегенов тағайындалды. Сонымен қатар, компанияның бұрынғы басшысының қызметінен өз еркімен кеткені белгілі болды.

Айта кетейік, 21 қыркүйекте Алматыда трамвайдың қатысуымен ірі жол апаты болды, ол "Алматыэлектротранс" ЖШС басқаруында болған еді. Жүргізушісіз қалған трамвай өздігінен жүріп кетіп, Шевченко мен Масанчи көшелерінің қиылысында және Байтұрсынов көшесінің бойынша бірнеше автомобильді соққан. Бір қиылыстың өзінде ол 14 автокөлікті соқты. Куәгерлердің айтуынша, трамвайдың тізгінде ешкім болмаған. Алматыдағы жол апатында жалпы 17 автомобиль бүлінді. 



Join Telegram