Алматылық ер адам Астана - Алматы әуе рейсінде ағылшын азаматын құтқарып қалды

28 Тамыз 2018, 13:25
0
Алматылық ер адам Астана - Алматы әуе рейсінде ағылшын азаматын құтқарып қалды - © pixabay.com
© pixabay.com

Алматылық инженер Болат Сүлейменов шетелдік азаматқа ұшақта алғашқы медициналық көмек көрсетті Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 2018 жылы 23 маусымда Астана - Алматы рейсінде болды. Болат Сүлейменовтың айтуынша, ұшақ әуеге көтерілген сәтте 50 жастағы ер адам өзін жайсыз сезінген. 

"Жолаушы ағылшын болып шықты, орысша сөйлемеді, бортсерік қыз аударып отырады. Оның созылмалы астма ауруы болғандықтан, жүрек тұсы ауырған. Ол дәрі-дәрмегін үйде ұмытып кеткен болып шықты. Ол Алматыға тауда болу үшін бір-ақ күнге бара жатқан екен. 

Мен борсерік қызға ауа толтырылған бетпердені алып келуді өтіндім, оның қан қысымын тексерді. Төмен болып шықты - 90-да 60. Оған қантсыз қара кофе тапсырыс бердім. Ол ішкісі келмеді, себібі кофе ұнатпайды екен. Бірақ мен оның кофе ішуін талап еттім. 20 минуттан соң қан қысымын тексеріп көрдім, ол сәл жоғарылаған екен - 110-да 70.Мен одан: "Балаларыңыз бар ма деп сұрадым?", ол иә деді. Мен солар туралы ойлаңыз дедім", - дейді ер адам. 

Әуе сапары барысында стюардесса бірнеше рет ер адамның жағдайы туралы біліп отырған, себебі ауруы тоқтамаған жағдайда ұшақ кері қайтарылып, науқас ауруханаға жеткізілуі тиіс екен. Шетелдік азамат аурудың басылғанын айтқан. 

"Біз Алматыға қонған кезде, ұшақтағылардың барлығы маған қол шапалақтай бастады. Бірнеше күннен соң әуекомпания маған жолаушыға алғашқы көмек көрсеткенім үшін құрмет грамотасын жіберді. Бір қаһарман болдым", - дейді Сүлейменов. 

Ер адам бұрындары да алғашқы медициналық көмек көрсеткенін айтады. Бұрындары ол талма ауруы бар жігітке көмектескен екен. Ер адамның медициналық білімі жоқ. Ол мұнайгаз комапаниясында инженер болып қызмет етеді екен. Анасы мен жарына ине салады, медицина туралы кітаптарды оқиды екен. 


Болат Сүлейменов оң жақта

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай