Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Алматылық жүргізушілер көлік кептелісіне автобустарға арналған жолақты кінәлады

20 Шілде 2015, 12:38
1
© Николай Колесников
© Николай Колесников

Сауалнамаға қатысқан Алматы жүргізушілерінің жартысынан көбі автобустарға арналған жолақты кептеліс тудырды деп кінәлайды. Мұндай қорытындыны сақтандыру компанияларының бірі жүргізген әлеуметтік сауалнама шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сауалнамаға 18-72 жас аралығындағы 1312 жүргізуші қатысты. Зерттеу қорытындысы мұндай жаңашылдықтың Алматы жүргізушілерінің түрлі көзқарасын тудырғанын көрсетті. Сауалнамаға жауап бергендердің 56 пайызы Абай көшесінің бойындағы қозғалыстың әрдайым қызу болатынын және арнайы жолақ ашылғалы бері, қозғалысқа арналған қатарлардың азайып, таңертең және кешкі уақытта кептелістің болатынын айтты.

Жүргізушілердің 34 пайызы оңға бұрылудың және көлікті тұраққа қоюдың қиындағанын мәлімдеді, олардың айтуынша, қай кезде бұрылып, арнайы жолаққа қай кезде түсуге болатынын анықтау күрделі. Сауалнамаға қатысқандардың 18 пайызы бағыттарын алдын ала ойластыратындарын айтты, ал 8 пайызы бұл көшемен жүруді мүлде қойған.

Сауалнамаға қатысқандардың 16 пайызы полицейлер мен бейнебақылау камералары жоқ болса, арнайы жолаққа айыппұлға қарамастан, шыға алатындарын мойындады. Сонымен қатар, автобус жүргізушілерінің басым бөлігінің ойынша, арнайы жолақтың арқасында Абай көшесімен жүруге кететін уақыт едәуір қысқарған. Жолаушылар тасымалы басқармасының мәліметінше, автобустар мен троллейбустар орташа жылдамдықтарын сағатына 18 шақырымға дейін арттырды, арнайы жолақ пайда болғанға дейін ол сағатына 12-14 шақырым болған.

Еске сала кетейік, қоғамдық көліктерге арналған тоғыз шақырымдық арнайы жолақ Алматыда 2015 жылдың 15 маусымынан бастап іске қосылып, бір айдың ішінде жүздеген жүргізушіге айыппұл салынды. Қазір қоғамдық көліктерге арналған жолақпен жүргендерге 5-тен 10 АЕК-ке дейін (9 910-нан 19 820 теңгеге дейін) айыппұл салынады. 30 маусымнан бастап арнайы жолақ Солтүстік айналма жолына енгізілді. Оның ұзындығы 1,9 шақырым -  Москвина көшесінен Бөкейхановқа дейін.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай