27 желтоқсан 2019 19:20

Алматылықтар әуежайға гүл шоқтарын әкеліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар аза тұту белгісі ретінде әуежайға гүл шоқтарын әкеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматылықтар аза тұту белгісі ретінде әуежайға гүл шоқтарын әкеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Кішігірім гүл шоқтарын әуежайдың кіреберісіне қалдырып жатыр. 

"Алматылықтар Bek Air әуекомпаниясының Алматы - Нұр-Сұлтан рейсінде қаза тапқан жолаушыларға аза тұту белгісі ретінде терминалдың басты кіреберісінде гүл шоқтарын қойып жатыр...", - делінген әуе айлағының Facebook желісіндегі хабарламасында. 

Еске салайық, бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын. 

Ұшақ апатынан зардап шеккендердің тізімі жарияланған. Кейін әлеуметтік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев әуе апаты салдарынан 12 адамның қаза болғанын айтқан. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети