17 қараша 2016 13:00

Алматылықтар қар үстіне асфальт төсегендерге наразы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Tengrinews.kz редакциясына Алматыда бір куәгер қар жауып жатқан түні асфальт төсеп жатқан жұмысшылардың видеосын жіберді.


Tengrinews.kz редакциясына Алматыда бір куәгер қар жауып жатқан түні асфальт төсеп жатқан жұмысшылардың видеосын жіберді.

Видео "Қалқаман 2" ықшамауданында Бегалиев көшесінде түсірілген. Куәгердің айтуынша, жұмысшылар асфальт төсеу жұмыстарын 16 қарашада кешкі уақытта бастаған. Олар осы шараны қаланы толығымен қар басқан түні 17 қарашаның таңғы уақытында аяқтаған. "Мен жұмыстан шамамен 21.00-де қайтып келе жатқанмын - сол кезде олар енді бастап жатты. Шамамен түн ортасында олар асфальт тиелген жүк кқлігінің келуін күтті. Таңғы уақытта олардың істеген жолын, толығымен қар басты. Барлығы да анық көрініп тұр - бұл жөндеудің сапасы мен асфальттың қанша уақыттқа жарамдылығы", - деді сұхбаттасушы. 

Қалалық әкімдік бұл жәйттен хабардар. "Соған қарағанда осы видео бізге де жіберілді. Осыны көріп болғаннан кейін, біз алматылық тұрғынға осы мәселемен айналысатынымызды айтты. Осы жағдай бойынша мердігер ұйым неге жөндеу жұмыстарын түнгі уақытта және қар жауып тұрған кезде жасағанын анықтайтын боламыз. Сонымен қатар, осы компанияның тура осы жолды дұрыс қалыпқа келуін қадағалайтын боламыз, - деді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети