05 маусым 2018 14:43

Алматылықтар менингитке байланысты балаларын балабақшаға жіберуден қорқып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© abctv.kz © abctv.kz

Алматыда балабақшаға барушылар саны 30 пайызға азайып кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.  


Алматыда балабақшаға барушылар саны 30 пайызға азайып кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.  

"Балабақшаларға келушілер саны азайды, бұл бірінші кезекте демалыс кезеңімен байланысты, осы уақытта үнемі келушілер саны азаяды. Екіншісі, ата-аналардың менингитке қатысты қорқынышына байланысты. Балабақшадағы балалар саны 30 пайызға азайып кетті", - дейді Алматының Білім басқармасы мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің жетекшісі Әлия Сағиева. 

2018 жылдың 18 мамырында менингококк инфекциясынан бес жастағы бала көз жұмған еді. 

Біз мектепке дейінгі мекемелердің барлық қызметкерін жинап, нұсқау бердік. Санитарлық дәрігерлер бірден санитарлы өңдеу жүргізді. Сараптамалар алынды, барлық қызметкер мен бала тексерілді", - дейді ол. 

Білім басқармасының өкілдері барлық балабақшада кварцтеу, ауаны тазарту, жуу заттарымен өңдеу сияқты санитарлық жұмыстар үнемі жүргізіліп тұратынын мәлімдеді. 

2 маусымда екінші баланың көз жұмғаны белгілі болды. Екі оқиғада да ауру ошағы балабақшада болмағаны айтылып отыр.

"Қазір барлық балабақшада қатаң санитарлық сүзгі орнатылды. Балалардың барлығын қабылдар кезде қызуын өлшейді, тамағы мен терісін қарайды. Баланың қандайда бір шағымдары болса, бірден ата-анасы мен жедел жәрдем шақырады", - дейді Сағиева

Педагогтар ата-аналарға балаларымен бірге адам көптеп жиналатын орындарға бармауға кеңес беріледі, әсіресе, бассейндерге. Өздігінен ем жасамай бірден дәрігердің көмегіне жүгіну қажеттігі айтылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети