1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматылықтар National geographic суретінен кейін Instagram желісінде флешмоб бастады03 сәуір 2015, 16:53

©Instagram/@shaulschwarz ©Instagram/@shaulschwarz

Алматылықтар National geographic телеарнасының Instagram желісіндегі суретінен кейін флешмоб бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қолданушылар Желіге Алматының әсем суреттерін #TrueAlmaty хештегімен салып жатыр. Бір сағат ішінде осы хештегпен 200 жарияланым пайда болды.

Айта кетейік, танымал ғылыми-танымдық телеарнаның әлеуметтік желілердегі парақшасында Алматыдағы автобустың суреті жарияланып, оған қазақстандықтардың ызасы келген еді. Бір күн ішінде Instagram желісіндегі автобус суретінің астында наразы мәндегі пікірлер көптеп жазылды - 2500-ден астам пікір. Қолданушылар телеарнаның Алматының жаман жағынан көрсеткен суретін жариялағаны үшін наразы болды.  "Алматы өте әсем қала, табиғаты мен ғимараттары керемет. Неге дәл осы суретті таңдаған? Арнайы жасалған ба?", - дейді қолданушылардың бірі. 

Десе де, телеарнаның бұл суретін құптап отырғандар да табылды. Олардың пікірінше, сурет шындықты көрсетіп тұр және оған ренжудің қажеті жоқ. "Дұрыс істеген, жаман жағынан көрсеткені жөн болған, жақсы жағына өзгеретін шығар, ойылған жолдарды көрсету керек еді, мысалы Құлжа даңғыл жолын", - дейді тағы бір қолданушы.

Айта кетейік, суретті басылымның қызметкері Шоул Шварц (Shaul Schwarz) түсіріп алған.