Алматылықтар Отан қорғаушылар күнін атап өтті

07 Мамыр 2015, 14:03
0
Алматылықтар Отан қорғаушылар күнін атап өтті - ©Владимир Прокопенко
©Владимир Прокопенко

Алматыдағы 28-ші гвардиялық-панфиловшылар атындағы саябақта Отан қорғаушылар күні атап өтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мыңнан астам адам таңғы сағат 7-де Отан қорғаушылар күнін атап өту үшін Алматы саябағына жиналды. "Мәңгілік алау" мемориалының маңынан шатыр тігіліп, сол жерде  ҰОС 200 ардагері жайғасты. Салтанатты шараны Алматы әкімі Ахметжан Есімов ашты.

"Бүгін мемлекеттік атаулы мереке. 1992 жылы дәл осы күні еліміздің Президенті, бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлтық қарулы күштерді құру туралы заңға қол қойды. Барлық уақытта отанды қорғау елге деген махабатты, патриотизмді талап етеді. (...) Біз қолына қару алып мемлекетімізді қорғап жүргендер мен қарулы күштердің ардагерлеріне құрметпен қараймыз.Сіздердің қызметтеріңіздің қазақстандықтар жадында мәңгі сақталатынын айтқым келеді. Отан қорғаушылар күні және Жеңістің 70 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, саулық пен бейбіт өмір тілеймін", - деді Есімов.

Айта кету керек, 7 мамырда Қазақстанда әскерге шақырылушылар күні атап өтіліп жатыр. Осыған орай Алматы саябағындағы шараға 800 жаңа сарбаз қатысты. "Жаңа сарбаздарға алдарына қойған мақсатқа жетуде сәттілік, батылдық пен шыдамдылық тілеймін. Барлығына ата-бабамыздың лайықты ұрпағы болып, еліміздің патриотты азаматы болуды тілеймін", - деді қала әкімі. Әкімнен кейін сахнаға ҰОС ардагері Ғаббас Жұматов шығып, жиналғандарды тағы да Отан қорғаушылар және Жеңіс мерекелерімен құттықтады.

Салтанатты сөз сөйлеуден кейін үлкен экраннан Астанадағы Жеңістің 70 жылдығына орай өтіп жатқан парад көрсетілді. Шара барысында соғыс қарулары көрсетілді. "Мәңгілік алау" маңына гүлдер қойылды.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай