14 қазан 2016 10:07

Алматылықтардың күткен автобустары келмей жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда аялдамасында автобус күткен жұрт. © Tengrinews.kz Алматыда аялдамасында автобус күткен жұрт. © Tengrinews.kz

Алматыда қала тұрғындары 14 қазанға қараған түні алғашқы қардың куәсі болды. Алайда таңғы уақытта олардың көтеріңкі көңіл-күйін өз уақытында келмей жатқан қоғамдық көліктер түсіріп, көбісі таксидің қызметіне жүгінуге мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Нақтырақ айтқанда №121 және №32 бағытындағы автобустар тіпті жоқ десе де болады. "Аялдамада 40 минуттан аса уақыт тұрдым. Көшеде ауа температурасы нөлден төмен, алғашқы қар түсті ғой бүгін. Сөйтіп, жұмысқа таксимен баруға тура келді", - дейді Алматы тұрғыны. 

Еске салайық, кеше, 13 қазанда қалада 40-қа таяу автобус жолға шықпаған еді. № 30, 32 және 121 бағытындағы автобустардың жүргізушілері жалақыны көтеруді талап етіп, жұмысқа шықпай қойған. Салдарынан мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер діттеген жеріне жете алмай, қиналды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети