28 желтоқсан 2021 08:46

Алматылықтарға Жаңа жылда үйге Аязата шақыруға рұқсат бар ма?

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: elements.envato.com Сурет: elements.envato.com

Биыл Алматының санитария дәрігерлері мектептер мен балабақшаларда жаңажылдық ертеңгіліктер өткізуге тыйым салды. Алайда кейбір ата-ана балаларына мерекелік көңіл күй сыйлағысы келеді. Сондықтан Аязата мен Ақшақарды үйге шақырады. Жаңажылдық кейіпкерлерді шақыруға рұқсат бар ма және вирустан қалай қорғану керек деген сұрақтарға қаланың бас санитария дәрігерінің орынбасары Сәдуақас Байғабылов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, биыл балаларға үй жағдайында мерекелік шара ұйымдастыруға тыйым салынбайды. Алайда алматылықтарды кейбір сақтық шараларын сақтауға шақырады.

"Алматылықтар Жаңа жыл қарсаңында Аязата мен Ақшақарды балаларын құттықтауға, мереке өткізуге шақырады. Биыл тыйым салынбайды, бірақ өзіңізді, туыстарыңызды және жақындарыңызды қорғау үшін бірнеше ұсыныс айтамыз. Себебі алматылықтар арасында COVID-19 жұқтыру дерегі жалғасып жатыр.

Аязата мен Ақшақарды шақырмас бұрын, ертегі кейіпкерлерінде вакцина паспорты немесе теріс ПТР-сынамасы (72 сағаттан аспайтын) болуын алдын ала нақтылау қажет. Сондай-ақ, әлеуметтік арақашықтық, бетперде тағу және қол гигиенасы туралы ұмытпаңыз. Тек осы жағдайда ғана ата-ана көңілі тыныш болуы мүмкін", - деді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Сондай-ақ, ол биыл жаңажылдық корпоративтер алматылықтар арасында пандемия басталған кезге дейінгідей аса танымал емес екенін айтты.

"Негізгі дәлел - қала тұрғындарының алаңдаушылығы және халық көп жиналатын жерлерде коронавирус инфекциясын жұқтырудан қорқуы. Халық мерекелік кештен кейін COVID-19-бен ауырып, аурухана төсегінде жатқысы келмейді, керісінше отбасымен Жаңа жылды қарсы алғысы келеді", - деп толықтырды Байғабылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети