01 мамыр 2018 15:49

"Алматыны әлемнің үздік мегаполистерінің біріне айналдырғымыз келеді" - Байбек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен Сурет Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен

Мерекелік серуен Республика Сарайы алдында және қайта жаңарған Панфилов пен Жібек жолы көшелері бойында өтуде, мұнда қала тұрғындары мен қонақтары үшін қазақ эстрадасы жұлдыздары мен мегаполистің этномәдени бірлестіктері ұжымдарының қатысуымен мазмұнды музыкалық бағдарлама дайындалған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Мерекелік серуен Республика Сарайы алдында және қайта жаңарған Панфилов пен Жібек жолы көшелері бойында өтуде, мұнда қала тұрғындары мен қонақтары үшін қазақ эстрадасы жұлдыздары мен мегаполистің этномәдени бірлестіктері ұжымдарының қатысуымен мазмұнды музыкалық бағдарлама дайындалған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы әкімі Бауыржан Байбек өзінің құттықтау сөзінде Мемлекет басшысының сындарлы саясаты арқасында әлемде мойындалған бейбітшілік пен келісімнің моделі жасалғанын,оның негізгі консолидациясы азаматтық қағида екенін атап өтті. Кезінде Елбасының бастамасы бойынша құрылған Қазақстан халықтарының Ассамблеясы "бейбітшілік пен келісімнің шынайы шырағына" айналды.

"Қазақстан халықтарының Бірлігі күні Ұлы даланың көп ғасырлық дәстүрлі рухы - ашықтықты, мейірімді, толенранттықты, қонақжайлылықты паш етеді. Осынау дәстүрлер ғасырлар бойына біздің мегаполистің қайталанбас рухын қалыптастырды, айрықша сипатқа бөледі. Міне, мың жылдан бері Алматы түрлі мәдениеттің, діннің, тілдің өзара үндескен қасиетті мекеніне айналды. Сондықтан Алматыны мың бояулы қала деп текке айтпаса керек. Түрлі ұлт пен дін өкілдерінен құралған алматылықтар бүгінгі күні бірге өмір сүруде, еңбек етуде және әр мерекені бірге атап өтуде. Біз осынау баға жетпес байлықты сақтауға және одан әрі дамытуға тиіспіз", - деді Бауыржан Байбек.

Ол тек ашық, мейірімді әрі бауырмал қала ғана инвестиция, инновация мен адами капитал үшін бәсекелестік орныққан заманауи жаһандық әлемде табысқа жететінін атап өтті.

"Қала кеңістігіне заманауи стандарттарды енгізе отырып, біз Алматыны әлемнің үздік мегаполисі, дамыған туристік орталыққа анйалдыратын боламыз. Өзгерген орта адамдарды да жаңғыртып, олардың дүниетанымын ашық және мейірімді ететді. Бұл туралы Президент "Рухани Жаңғыру" бағдарламасында айтты. Біздің қаланың әлеуеті өте зор, дегенмен Алматының басты байлығы - қала тұрғындары, олар әр түрлі болғанымен рухы жағынан өзара жақын", - деді мегаполис басшысы.

Қазақстан халықтарының Бірлігі күні аясында мерекелік бағдарламаға 500-ден астам артистер қатысты, олардың арасында Роза Рымбаева, Диана Шарапова, Әли Оқапов, Роман Ким, Luina, Янис Кайсиди, Адылжан Умаров, "Сарын" дуэті, «Дервиши», "МузАрт", "Assyl", "Vox Acapella" топтары, "Vivat", "Rise", "Ivory" шоу-балеттерінің өкілдері және көптеген басқалары бар.

Панфилов және Жібек жолы көшелерінің бойындағы шағын сахналарда түрлі концерттер өтуде және мегаполистің этномәдени өкілдері бірлестіктерінің өзіндік мәдениеті мен дәстүрлері таныстырылуда.

"Сағат 19:30-да Айқын Төлепберген "15 жыл, сіздермен бірге" атты өзінің жеке концертін ұсынады, ал 21:30- да сахнаға "Ән мерекесі" бағдарламасымен "Турецкий хорының" артистері шығады. Мереке құрметіне ұжыммен бірге әйелдердің "SOPRANO Турецкого" арт тобы ән шырқайды, осылайша талант пен сұлулық үйлесім табады", - делінген хабарламада. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети