13 маусым 2014 18:59

Алматыны ұлғайтуға 3,3 миллиард теңге бөлінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

2014 жылы Алматының бюджеті 16 пайызға, аумағы 23,2 мың гектарға ұлғайды. ©almaty.kz 2014 жылы Алматының бюджеті 16 пайызға, аумағы 23,2 мың гектарға ұлғайды. ©almaty.kz

Алматының аумағы  23,2 гектарға ұлғайды. Мәслихаттың кезекті отырысында 2014 жылдың бюджеті бекітілді.  Алматыдағы жаңа аймаққа 3,3 миллиард теңге жұмсалатын болды, - деп хабарлайды Tengrienws.kz.


Алматының аумағы  23,2 гектарға ұлғайды. Мәслихаттың кезекті отырысында 2014 жылдың бюджеті бекітілді.  Алматыдағы жаңа аймаққа 3,3 миллиард теңге жұмсалатын болды, - деп хабарлайды Tengrienws.kz.

"Бюджетті бекіту аясында біз қалаға қосылған аумақтың инфрақұрылысын, әлеуметтік нысандарын дамыту мақсатында 3,3 миллиард теңге бөліп отырмыз. Бұл аймақтар Алматының жаңа мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі таңда бас жоспарды, жолдар мен коммуникацияларды жобалауға  кешенді түрде кірісу керек", - деді Есімов. Сонымен 2014 жылғы бюджет  425,5 миллиард теңге, нақты жұмсалатын бюджет - 354,8 миллиард теңге.

Бюджеттен бөлінген қаржы Алматының аумағын топографиялық суретке түсіруге, геодезиялық жұмыстарға, жолдарды жөндеу мен тазалауға жұмсалады. Сондай-ақ Алматыға қосылған жаңа аймақтарда денсаулық сақтау және білім беру ошақтарын салу да жоспарланып отыр. Бұрын хабарланғандай, бүгінде Алматының аумағы 68 200 гектарды құрайды. Мегополистің құрамына 27 ауыл, Боралдай мен Первомайский ауылдарының бір бөлігі, Іле ауданының 12 мың тұрғыны орналасқан 604 гектар жері қосылды. Қарасай ауданынан 16 мың гектарды құрайтын 17 ауыл қала аумағына кірді. Ондағы тұрғындар саны 7707 адам. Талғар ауданынан мегаполиске 6,5 мың гектар аумақ қосылды. Қаланың құрамына Әлмерек, Колхозшы, Қайрат, Сұлусай, Көлсай, Ремизовка, Ақтөбе, Аққайың және басқа да ауылдар енген. Барлығы 92 мың тұрғыны бар 27 ауыл қаланың құрамына кірді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети