23 қыркүйек 2019 18:13

Алматының 24 жастағы тұрғыны жалақысын алуға кетіп, оралмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық 24 жастағы Берік Ғаббасов үйінен жалақысын алуға шығып, қайта оралмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматылық 24 жастағы Берік Ғаббасов үйінен жалақысын алуға шығып, қайта оралмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ол мүлде дау-жанжалға жоқ адам. Спортпен шұғылданады, бізбен бірге қаншама уақыт тұрды, үйге әрдайым оралатын. Ол 20 қыркүйекте үйден шығып, жалақысын алуға баратынын ескертті. Онда қолма-қол беру керек болған", - деді жоғалып кеткен жігіттің ағасы. 

Оның айтуынша, соңғы үш күн бойы жігіттің телефоны сөндірулі. Берік Ғаббасовтың туыстары оның жоғалып кеткені туралы полицияға арыз берген. Қандай да бір мәлімет білген жағдайда мына нөмірлерге хабарласуды сұрайды: + 7 747 110 26 38, + 7 777 398 67 80. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети