09 желтоқсан 2017 16:15

Алматының №4 ауруханасында ерекше форматтағы қабылдау өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының №4 қалалық клиникалық ауруханасында адамдарды ерекше форматта қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Алматының №4 қалалық клиникалық ауруханасында адамдарды ерекше форматта қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Инсульт жайында сөйлесейік" атымен халықпен кездесу 2017 жылдың 8 желтоқсанында "Дені сау қала" бағдарламасы бойынша жасалған "Денсаулыққа нығайтуға септесетін ауруханалар" жобасы аясында өткізілді.

 

Қарапайым халық эндокринолог, м.ғ.к., профессор Жапарханова Зәуре Сіләмханқызы, кардиолог және аритмолог, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-нің Аритмология бөлімінің жетекшісі Реквава Роин Роинович, невропатолог, м.ғ.к. Кұдайбергенова Айгүл Серікқызы сияқты білікті мамандардан тегін кеңес алды. Сонымен қатар дәрігерлер инсульттің алғашқы белгілері, оған жасалатын алғашқы көмек пен емдеу жолдары туралы баяндады. 

Бұл шара Тəуелсіздік куні қарсаңында жасалып отырғандықтан желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтарға арналды. Осыны естіп келген Жәмилә атты әжей мүлдем ойламаған дертін дер кезінде анықтаған. Дәрігерлер әжейдің сырқаты ауыр екенін, оған операция жасау керектігін айтыпты. 

Кезесу барысында аспаз-диетологтар Шмидт А.В. мен Мезенцев В.А. пайдалы тамақ дәмсіз болады деген жалған аңызды жоққа шығарды.

"Елбасымын Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай "адам денсаулығы 10-15 пайыз ғана медицинаға тәуелді. Қалғаны адамның өзіне байланысты". Осы кездесуден кейін қонақтарымыз өздеріне "денсаулығымды расымен күтіп жүрмін бе?" деген сауал қояды деген үміттемін", - дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі Құдайбергенова Айгүл.

 

Шараға қонақ болып келгендер де өз ойларын білдірді. "Кіре берісте үлкен жүрек қойылып, банерлер ілінген. Спикерлер ақпаратты өте ерекше ұсынды. Аспаздардың шеберлік сағаты тіпті тамаша. Даярлаған түскі асы тіл үйіреді", - дейді келушілердің бірі Айжан Шамшидин.

 

Шара соңында дәрігерлерге "Нұр Отан" қатарына қабылдануна байланысты партия билеттері табысталды. Сонымен бірге, аурухананаың 76 жылдығына арналған ҚазММУ жарщысы ғылыми-практикалық журналының кезекті саны жарияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети