25 мамыр 2014 15:17

Алматының 7 мың түлегі үшін бүгін "соңғы қоңырау" соғылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан Фото Tengrinews.kz мұрағатынан

Алматының 7168 түлегі үшін бүгін "соңғы қоңырау" соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматының 7168 түлегі үшін бүгін "соңғы қоңырау" соғылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі Ахметжан Есімов биыл құрылғанына 90 жыл болатын Шоқан Уалиханов атындағы №12 гимназияның салтанатты жиынына қатысты. Өзінің құттықтау сөзінде әкім елдің болашағы жастардың қолында екенін айтып өтті. "Елбасымыз мектепті бітірген түлектер үш тілді меңгеріп еркін сөйлеуі керек екендігін және өз елінің патриоты болу керектігін айтты. Әрбіріңізге бұл күн жаңа жолдың бастамасы. Сіздер ата-аналарыңызбен ұстаздарыңыздың сенімін ақтайсыздар деп сенемін", - деді Есімов. 

Сондай-ақ әкім 2014 жыл Алматыда "Білімді дамыту жылы" екендігін айта кетті. Соңғы алты жылдың ішінде қалада 45 оқу орны пайда болды, оның 14-і мектеп. Есімов мектеп бітірушілерге Ұлттық біріңғай тестті сәтті тапсырып тағы да елдегі ең үздік көрсеткіш көрсетуін тіледі. 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети