31 мамыр 2019 17:35

Алматының Алатау ауданында 7 мың орындық мешіт салынып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/baibekbk/ © instagram.com/baibekbk/

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алатау ауданын аралаған кезде 7 мың орындық жаңа мешіт құрылысының қарқынын тексерді. Бұл туралы қала басшысы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Жоба бойынша мешітте биіктігі 49 метрге дейін жететін бірнеше мұнара болады. Кешеннің орта тұсында бес күмбезді негізгі ғимарат орналасады. Құрылыс мерзімі учаскені су басып қалу қаупінен сақтау үшін жүргізілген инженерлік қорғау жұмыстарына байланысты ұзарды. Бүгінгі таңда 3 мың қадалы тіреу бекітілді және іргетасы бетондалды. Негізгі блоктың арматуралы қабырғаларын орнату басталды", - деп жазды Бауыржан Байбек. 

Сондай-ақ, Алматы әкімі жақын арада Орталық мешіттің аумағын абаттандыру жұмыстары басталатынын айтты. 

"Осының барлығы игі іске үлес қосып жүрген кәсіпкерлеріміздің жеке инвестициялары есебінен жүзеге асуда. Оларға айтар алғысым зор. Бүгінгі Рамазан айының ең қасиетті түні - Қадір түнінде барлық дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз баянды болғай!", - деп жазды ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Алатау ауданын аралаған кезде 7 мың орындық жаңа мешіт құрылысының қарқынын тексердім. ⠀ Жоба бойынша мешітте биіктігі 49 метрге дейін жететін бірнеше мұнара болады. Кешеннің орта тұсында бес күмбезді негізгі ғимарат орналасады. ⠀ Құрылыс мерзімі учаскені су басып қалу қаупінен сақтау үшін жүргізілген инженерлік қорғау жұмыстарына байланысты ұзарды. Бүгінгі таңда 3 мың қадалы тіреу бекітілді және іргетасы бетондалды. Негізгі блоктың арматуралы қабырғаларын орнату басталды. ⠀ Тағы бір айтарым, жақын арада Орталық мешіттің аумағын абаттандыру басталады. ⠀ Осының барлығы игі іске үлес қосып жүрген кәсіпкерлеріміздің жеке инвестициялары есебінен жүзеге асуда. Оларға айтар алғысым зор. ⠀ Бүгінгі Рамазан айының ең қасиетті түні - Қадір түнінде барлық дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз баянды болғай!

Публикация от Бауыржан Байбек (@baibekbk)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети