Алматының әскери комиссариаты SMS арқылы көктемгі әскер қатарына шақыруға тапсырыс берді - Ұялы байланыс операторы

08 Ақпан 2017, 11:17
0
Алматының әскери комиссариаты SMS арқылы көктемгі әскер қатарына шақыруға тапсырыс берді - Ұялы байланыс операторы -

SMS арқылы көктемгі әскер қатарына шақыруға Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы тапсырыс берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"SMS хабарландырулар Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының ресми сұранысы бойынша іске асырылды. Хабарламаның мәтіні әскери комиссариат өкілдерімен келісілді", - деді Tele2  ұялы байланыс операторының баспасөз қызметінің мамандары. 

Tengrinews.kz басқа да ұялы байланыс операторларына ресми сұраныс жіберген. 

Еске салайық, 6 ақпанда әлеуметтік желіде адамдарға келген SMS-хабарламаның скриншоты тараған болатын. Хабарлама мәтінінде 18 бен 27 жас аралығындағы жігіттерді көктемгі әскер қатарына шақыруға байланысты әскери комиссариатқа келуге шақырған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай