1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматының әскери комиссариаты SMS арқылы көктемгі әскер қатарына шақыруға тапсырыс берді - Ұялы байланыс операторы

SMS арқылы көктемгі әскер қатарына шақыруға Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы тапсырыс берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"SMS хабарландырулар Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының ресми сұранысы бойынша іске асырылды. Хабарламаның мәтіні әскери комиссариат өкілдерімен келісілді", - деді Tele2  ұялы байланыс операторының баспасөз қызметінің мамандары. 

Tengrinews.kz басқа да ұялы байланыс операторларына ресми сұраныс жіберген. 

Еске салайық, 6 ақпанда әлеуметтік желіде адамдарға келген SMS-хабарламаның скриншоты тараған болатын. Хабарлама мәтінінде 18 бен 27 жас аралығындағы жігіттерді көктемгі әскер қатарына шақыруға байланысты әскери комиссариатқа келуге шақырған.