11 мамыр 2016 18:03

Алматының хайуанаттар бағында соңғы 5 жылда 500-ден аса жануар өліп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 333v.ru © 333v.ru

Бес жыл ішінде Алматы зообағында 570 жануар өліп қалған. Бұл туралы қала әкімдігінің Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында айтылады. 


Бес жыл ішінде Алматы зообағында 570 жануар өліп қалған. Бұл туралы қала әкімдігінің Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында айтылады. 

Сонымен, 2012 жылы 144, 2013 жылы 167, 2014 жылы - 136, 2015 жылы 100, ал 2016 жылдың басынан бері 23 жануар өлген. Бүгінде Алматыда 355 түрлі 5169 жануар бар. Ал зообақтың жер ауданы - 21,5 гектар.  

Қазіргі уақытта Алматыдағы зообақ Алматы қаласының Мәдениет басқармасынлағы коммуналдық қазыналық кәсіпорын. "Қазіргі уақытта зообақты қаланың Ауыл шаруашылығы басқармасына өткізу туралы мәселе қаралып жатыр. Бұл жағдайда Алматы зообағын сенімгерлік басқармаға өткізуді жоғарыда аталған басқарма қарайды", - делінген ресми сауалға берілген жауапта.  

Еске салайық, зообақта жануарлардың ауырып жатқанына кейін дау шыққан болатын. Мысалы Құралай есімді жолбарыс ұзаққа созылған ауруынан өлді. Ал өткен жылы шимпанзе өліпті. Тағы бір Рада есімді жолбарыс ауырып жатыр екен, түлкі мен аюға ем қажет.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети