1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматының кейбір аудандарында екі күн бойы ыстық су болмайды01 маусым 2018, 15:52

© sadsha.ru © sadsha.ru

Маусымның 4-5 аралығында Алматының Алмалы және Әуезов ауданындағы үйлер ыстық сусыз қалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Суды өшіру жылу жүесінің қайта жөнделуіне байланысты екен. 

Осы уақыт аралығында Райымбек - Гайдар - Абай - Отар көшелерінің аумағында орналасқан үйлерде ыстық су болмайды. 

"Уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеміз", - деді коммуналдық қызмет өкілдері.