23 сәуір 2014 14:12

Алматының кіреберісіне бес автобекет салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Алматының кіреберісінен бес мың орынға арналған бес жаңа автовакзал салынады, - деп хабрлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Автовокзалдар Қалқаманнан, Первомайка, Құлжа трассасы, Іле ауданының Қайрат ауылынан және Каменка маңынан салынатын болды.


Алматының кіреберісінен бес мың орынға арналған бес жаңа автовакзал салынады, - деп хабрлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Автовокзалдар Қалқаманнан, Первомайка, Құлжа трассасы, Іле ауданының Қайрат ауылынан және Каменка маңынан салынатын болды.

Бұдан бөлек, биліктің жоспары бойынша, жеңіл рельсті көліктер іске қосылады. "Жеңіл релсті көліктер қозғалысының ұсынылған бағыты: 1-ші бағыт: Алматы - Талғар қаласы - Есік қаласы - Шелек ауылы; 2-ші бағыт: Алматы - Қаскелең қаласы - Ұзынағаш ауылы; 3-ші бағыт: Алматы - Қапшағай қаласы", - деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. Бірінші кезеңде Алматы мен Қапшағай арасына қатынайтын электричканы іске қосу жоспарлануда.

Бұдан басқа Жамбыл ауданындағы "Қазыбек бек" және Қарасай ауданындағы "Шамалған" бекеттерінде екі көлік-логистикалық кешен құрылысын салу қажеттігі хабарланып отыр. Сонымен қатар Алматы қаласынан автокөлікпен шығу үшін кейбір көшелерді тесіп өту жоспарланған (мына бағыттар бойынша: Ақын Сара көшесі, Рысқұлов көшесі, Саин көшесі, Тілендиев көшесі, Абай даңғылы, Солтүстік айналым көшесі қала шекарасынан БАКАД-қа дейін). Сонымен бірге Жетіген-Қорғас жаңа темір жол магистралінің құрылысы турасында да хабарланып отыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Алматыда жылдам жүретін трамвай мен автобустардың іске қосылатыны жөнінде мәлім етілген еді. Олар қаланың түрлі аумағын қамтып, сондай-ақ, жақында ғана мегаполиске қосылған ауылдарды да қамтитын болады. Қазір қалалық билік арнайы бөлінген жолақпен жүретін бұл көліктерді іске қосудың жобасын әзірлеуде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети